Атырау, 9 желтоқсан 18:09
 ашықВ Атырау -2
$ 508.30
€ 592.17
₽ 6.63

Денсаулық сақтау министрлігі: 2025 жылы 125 мың бала медициналық оңалтумен қамтылды

44 рет қаралды

Фото: freepik.com
Фото: freepik.com

2025 жылы Қазақстан балаларға медициналық оңалтудың қолжетімділігін едәуір кеңейтті. «Қамқорлық» жобасы шеңберінде Атырау, Қызылорда, Алматы, Маңғыстау, Жетісу және Ақмола облыстарында 6 жаңа ауданаралық оңалту орталығы ашылды.

Ағымдағы жылы барлығы 125 мың бала оңалту көмегін алды.

Сонымен қатар, балалар денсаулығы саласындағы мамандандырылған бағдарламаларды дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Елімізде «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасының тұжырымдамасы және 2026-2030 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары әзірленді.

Құжат әр баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған барлық қолданыстағы және жоспарланған шараларды біріктіреді. Бұл Қазақстандағы мемлекеттің, ата-аналардың, педагогтардың, дәрігерлердің, әлеуметтік қызметтер мен ҮЕҰ-ның күш-жігерін біріктіретін алғашқы кешенді бағдарлама.

«Сырлы дыбыс»  - есту қабілеті бұзылған балаларды қолдау жобасы. Ағымдағы жылы заң қабылданды, соған сәйкес 2026 жылдан бастап I-III дәрежелі есту қабілеті бұзылған балалар жергілікті бюджеттердің есебінен сүйек өткізгіштік операцияларынан кейін есту аппараттарымен және аудиопроцессорлармен қамтамасыз етілетін болады.

«Ажарлы келбет» - балаларға реконструктивтік көмек жобасы. МӘМС жүйесінде бет пен бастың туа біткен анатомиялық кемістіктері бар балаларға реконструктивтік және пластикалық операциялар енгізілді.

Бүгін, 17:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.