Атырау, 9 желтоқсан 17:31
 ашықВ Атырау -2
$ 508.30
€ 592.17
₽ 6.63

Қазақстан мен Қытай автожол құрылысына арналған жаңа дрон технологияларын қолдану мәселесін талқылады

51 рет қаралды
gov.kz
gov.kz

Қазақстан мен Азия даму банкінің өкілдерімен көлік министрлігінде жол инфрақұрылымын жаңғырту үшін заманауи технологияларды енгізу мәселелерін талқылауға бағытталған семинар өтті.

Кездесу барысында негізгі назар –автожолдарды жобалау, мониторинг және құрылыс процесінде пилотсыз дрондарды пайдалану мәселесі болды. Келіссөз барысында тараптар дрондарды қолданудың құрылыс үдерісін тиімді әрі ашық жүргізуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Аэрофототүсірілім мен лазерлік сканерлеу технологиялары геодезиялық зерттеулерді жылдам жүргізуге, материалдардың сапасын қадағалауға, құрылыс қарқынын бақылауға және жобалық шешімдерден ауытқуларды уақтылы анықтауға жағдай жасайды.

Қазақстан тарапы бұл жаңашылдық жол инфрақұрылымын цифрландыру және объектілердегі қауіпсіздікті арттыру стратегиясының бір бөлігі екенін атап өтті. Өз кезегінде банк өкілдері ірі көлік дәліздерін салуда пилотсыз жүйелерді қолдану тәжірибесімен бөлісіп, технологиялық ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін растады.

Тараптар инновациялық шешімдермен алмасуды жалғастыруға және Қазақстанның автожол саласындағы нысандарында бірлескен пилоттық жобаларды іске асыру мүмкіндігін қарастыруға уағдаласты.

Келіссөздер жол инфрақұрылымын дамыту, озық технологияларды енгізу, құрылыс тиімділігін арттыру және серіктестікті жалғастыруға арналған келісіммен қорытындыланды.

Бүгін, 16:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.