Атырау, 9 желтоқсан 16:53
 ашықВ Атырау 0
$ 508.30
€ 592.17
₽ 6.63

ҚМГ мен КҚК кездесуі: мұнай құбырының қауіпсіздігі және болашақ жоспарлар

93 рет қаралды
Сурет: ҚМГ
Сурет: ҚМГ

Бүгін Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Каспий құбыр желісі консорциумының (КҚК) бас директоры Николай Горбаньмен кездесті.

Тараптар ынтымақтастықтың қазіргі нәтижелерін талқылап, алдағы кезеңге арналған бірлескен жоспарларды қарастырды.  

ҚМГ басшысы Қазақстан мұнайының тұрақты транзитінің маңызына тоқталып, ұлттық компания Каспий құбыр желісі консорциумының үздіксіз жұмыс істеу мәселесіне ерекше назар аударатынын атап өтті.   

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар КҚК мұнай құбырының энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған екіжақты өзара іс-қимылға және ортақ жобаларды іске асыруға дайын екенін растады.

Бүгін, 15:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.