Атырау, 9 желтоқсан 15:39
 ашықВ Атырау 0
$ 508.30
€ 592.17
₽ 6.63

Цифрландыру автожолдардың өткізу қабілетін 20%-ға арттырады

48 рет қаралды
Фото: freepik.com
Фото: freepik.com

ҚР көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында жүк тасымалдау саласын цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Ол Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Smart Cargo платформасы осы жылдың қазан айында іске қосылғанын атап өтті. Платформа мемлекеттік органдардың сервистерін біріктіреді. Бүгінде мемлекеттік органдардың 30 сервисімен интеграция аяқталды. Платформаны дамыту шеңберінде мемлекеттік және жеке секторлардың тағы да 47 қосымша сервисін интеграциялау жоспарлануда.

«Бүгінде жүктердің орналасқан жерін бақылауға мүмкіндік бар. ЖИ-көмекшілер пайда болды. Сондай-ақ қосымша мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі қарастырылған. Шекарадан өту үшін транзиттік декларацияны автоматты түрде шығару қолжетімді болатын "жасыл дәлізді" енгізу бойынша жұмыс жалғасуда»,— деп атап өтті Нұрлан Сауранбаев. 

Министр салаларды цифрлық трансформациялау нәтижесі автожолдардың өткізу қабілетін 20%-ға арттыратынын айтты. Автокөлікпен өткізу пункттерінің өткізу мерзімі шамамен 10 минутты құрайды. Жасанды интеллект технологиясын енгізу пойыздарды құру және жоспарлау уақытын 6 есе азайтып, әуежайларда жүктерді өңдеуді 1 сағатқа дейін қысқартады.

Бүгін, 14:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.