Атырау, 9 желтоқсан 18:45
 ашықВ Атырау -2
$ 508.30
€ 592.17
₽ 6.63

​Махамбеттегі арнайы мектеп-интернаттың жөндеу жұмысы екі жылдан бері созылып келеді​

86 рет қаралды

Жөндеу жұмыстары былтыр аяқталуы керек еді, алайда мердігер өзгеріп, жұмыстың аяқталатын уақыты бірнеше рет кейінге шегерілді.  

Енді жөндеуді 20 желтоқсанда аяқтауға уәде беріп отыр. 

Махамбет ауылындағы №2-ші арнайы мектеп-мектеп интернатында зерде дамуында бұзылыстары бар балалар оқиды. 120 орындық мектеп-интернат пен екі жатақхананың салынғанына 51 жыл болса да күрделі жөндеу көрмеген. Әбден тозығы жеткендіктен 1 млрд 189 млн теңге бөлінді. 

2024 жылдың шілдесінен бастап интернат жабық тұр. Жөндеу жұмыстары кезінде интернатта оқитын 60 бала уақытша Сарытоғай ауылындағы "Арай" жазғы балалар лагеріне орналасқан, ал қызметкерлер Д.Төленов атындағы мектептің жатақханасын уақытша пайдаланып отыр.  

- Басында 2024 жылдың желтоқсанында күрделі жөндеу жұмысы бітіп, пайдаланылуға беріледі деді. Негізі ғимараттың ішкі жұмыстары аяқталып тұр, - дейді директор Үміт Қабазова. 

Мердігер күрделі жөндеуді уақытынан бұрын бітіреміз десе де ол уәдесіне тұрмаған. Енді желтоқсанның 20-сына дейін бітіруге жұмыстанып жатыр. Ғимараттың сыртқы бөлігіндегі асфалттау мен ойын алаңын жабдықтау қалып тұрған көрінеді.

Бұл жағдай ұзаққа созылса да, қызметкерлер мен ата-аналар балалары 2026 жылды осы екінші үйі атанып кеткен ғимараттан қарсы алуға үміттеніп отыр.  

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бүгін, 17:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.