
Атырау облысында бір аптада полиция қызметкерлері жол ережесін бұзған 1 766 жүргізушіні анықтады.
Мұндай деректерді өңірлік Әкімшілік полиция басқармасының инспекторы Айбек Әлімов брифингте айтты, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
1-7 желтоқсан аралығында облыс көлемінде “Қауіпті жүргізуші” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Мақсат – жол көлік оқиғаларының алдын алып, зардап шеккендердің санын азату.
Атырау облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының инспекторы Айбек Әлімовтің айтуынша, анықталған заңбұзушылықтар негізінде 79 автокөлік айып тұрағына қойылып, 76 көлік мемлекеттік тіркеу нөмірінен айырылған.
Жедел-профилактикалық жұмыс кезінде полиция қызметкерлері жүргізушілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жол ережесін жиі бұзатындармен күресті. Соған қарамастан бірқатар заңбұзушылық орын алды. Атап айтқанда,
мас күйінде көлік басқарған 19,
қарсы бағытқа шыққан 8 ,
маневр жасау ережесін бұзған 370,
жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізген 56,
ұялы телефон қолданған 241
жаяу жүргіншіге жол бермеген 79 көлік жүргізушісі анықталды.
А.Әлімов жүргізушілерді жолда абай болып, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтауға шақырды. Сонымен қатар жол үстіндегі жауапкершілік тек жүргізушінің емес, жолаушылардың қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін маңызды фактор екенін еске салып өтті.
В Атырау -4