
Махамбет ауданы Талдыкөл ауылының кірме жолы дау туғызып жүрген болатын. Өткен жылғы су тасқынынан кейін ауылмен қатынас қиындап, жергілікті тұрғындар бірнеше рет шағым түсірді.
Жуырда мердігер мекеме "АВС Лимитед" ЖШС осы ұзындығы 6,2 шақырым болатын жолдың бірінші қабатының төсемін бітіріп, уақытша пайдалануға берді.
Аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаевтың айтуынша, бұл жұмыстар ауыл тұрғындарының сұранысына сәйкес жасалған.

«Мердігермен келісіп, әрі күннің салқындауына байланысты жолдың алғашқы қабаты біткен бойда ашуға рұқсат беріліп отыр. 2026 жылы мердігер мекеме осы жол жұмысын толық аяқтамақшы, қажетті қаржылар аударылып отыр», - деді ол.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Суретті түсірген автор
В Атырау 0