
Мессенджерлерде Еркін Байділдаевтың Атырау облысының жаңа әкімі болып тағайындалғаны туралы егжей-тегжейлі жазылған «Президенттің 5 желтоқсандағы Жарлығы» тарап жатыр.
Құжатта жаңа әкімнің өмірбаяны, әсерлі еңбек жолы және тіпті бірінші кадрлық шешімдерінің тізімі де жарияланған. Бәрі сенімді жазылған, тек үйлеспей тұрған жері - мұндай жарлық ресми түрде шығарылмаған.
Тексеру барысында Еркін Байділдаевтың есімі ресми дереккөздерде көп кездеспейтіні анықталды. Ашық дерекқорларда бұл адамның туралы тек қысқа анықтамалық мәліметтер ғана бар, жаңалықта сипатталғандай мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі немесе мұнай-газ компанияларын басқаруға қатысты қызметтері расталмаған. Яғни, мәтінде салмақты саяси рөлге ие болған кейіпкер шын мәнінде лауазымды тұлғалардың бірде-бір тізімінде жоқ. Облыс әкімінің баспасөз қызметі де бұл ақпаратты жоққа шығарды. Онда ешқандай тағайындау болмағаны және Атырау облысының әкімі бұрынғыша Серік Шапкенов екенін растады.
Нәтижесінде "шулы кадрлық шешім" ойдан құрастырып шығарылған қиял болып шықты: бүге-шігесіне дейін әдемі жазылған, бірақ толығымен белгілі деректерге сәйкес келмейді. Интернетте әдетте сенсация жақсы өтеді — бірақ нақты тағайындау бойынша ресми ақпарат телеграм арналарында емес, Ақорданың сайтында жарияланады.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
В Атырау -10