Атырау, 8 желтоқсан 10:46
 бұлттыВ Атырау +2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Қашағандағы ГӨЗ құрылысы: қазандарды монтаждау жұмысы 90 пайыз орындалды

91 рет қаралды
Видеодан жасалған скриншот
Видеодан жасалған скриншот

Атырау облысында газ өңдеу зауытының (ГӨЗ) құрылысы жалғасуда. Бүгінгі таңда құрылыс алаңына 1900-ден астам маман жұмылдырылған. Оның 1390 тікелей персонал. Түнгі ауысымға 144 маман тартылған. Сондай-ақ, құрылыс жұмыстарына 346-дан астам техника жұмылдырылған. Қауіпсіз еңбек жағдайларына, соның ішінде түнгі уақытта қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. 

Құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша ілгерілеу (ҚМЖ): 

  • Іргетас жұмыстары, металл конструкцияларын, алаңдарды, технологиялық конструкцияларды монтаждау жалғасуда;
  • Өрт сөндіру құбыр желісін монтаждау, қалақтарды құру және іргетастарды күшейту бойынша жұмыстар жүргізілуде, сыртқы инженерлік желілер бойынша (НВК-2) топырақты қайта толтыру және шығару жұмыстары орындалып жатыр;
  • РВС-5000 резервуарларын жинау, дәнекерлеу және бояу жұмыстары жүргізілуде;
  • Металл конструкцияларды титулдар мен эстакадаларда орнату және бояу жұмыстары жалғасуда;
  • Вахта қалашығы аумағында кабель желілерін жүргізу, электр жабдықтарын монтаждау, траншеялар қазу, құдықтар қазу және кәріз ПЭ-түтіктерін монтаждау жұмыстары жүргізілуде;
  • 40/4/1 резервуарының гидравликалық сынағы жүруде, 10С резервуары гидравликалық сынақтан өткізіліп жатыр;№9,№10 титулдарда 10 резервуардың 5-еуі термоөңдеуден өтті. 

Жұмыстың негізгі түрлері бойынша көрсеткіштер: 

  • Іргетастарды орнату бойынша бетон жұмыстары: 57 725 м³ (прогресс 76,3%)
  • Металл конструкцияларының монтажы: 7 270 тонн (35,6%)
  • Механикалық құрал-жабдықтың монтажы: 4 510 тонн (46,6%)
  • Резервуарларды монтаждау: 1 826 тонн (91,1%)
  • Жерасты құбырларын жүргізу: 23 431 м (48,9%)

"QazaqGaz" ҰК " АҚ құрылыс мерзімдерінің сақталуын, сондай-ақ барлық кезеңдерде белгіленген сапа және қауіпсіздік стандарттарының орындалуын қамтамасыз ете отырып, жобаны іске асыруды кешенді бақылауды жалғастыруда.

Бүгін, 09:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.