
«Мемсараптама» РМК 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жобаларды әзірлеу және сараптамадан өткізу үдерісін «бір терезе» қағидасы бойынша ұйымдастыруға арналған жаңа Порталды іске қосатынын хабарлайды. Ол қолданыстағы epsd.kz порталының орнына енгізіледі.
Жаңа Портал құрылыс саласындағы барлық қатысушыларды — тапсырыс берушілерді, салалық реттеушілерді, жобалау және сараптама ұйымдарын — бірыңғай цифрлық ортада біріктіруге бағытталған.
Платформа жобалау кезеңінен бастап қатысушылардың бірлескен жұмысын қамтамасыз етіп, құрылыс нысанының толық цифрлық өмірлік циклын қалыптастырады.
2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін сараптамаға ұсынылған жобалар бойынша барлық рәсімдер қолданыстағы epsd.kz порталында аяқталады.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап кешенді қала құрылысы сараптамасы мен кешенді ведомстводан тыс сараптама, сондай-ақ ҚЖМБ (Құрылыс жобаларының мемлекеттік банкінің) өтінімдері тек жаңа Портал арқылы қабылданатын болады.
«Мемсараптама» РМК жаңа цифрлық платформаға кезең-кезеңімен көшу мақсатында, пайдаланушыларды оқытуға және нарық қатысушыларын жаңа Порталдың құралдарына бейімдеуге бағытталған оқыту іс-шараларын жоспарлауда.
В Атырау -1