Атырау, 19 желтоқсан 22:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Грузиядан Қазақстанға: шекарада бал деп жасырылған ірі афродизиак партиясы ұсталды

353 рет қаралды

Яраг-Қазмаляр өткізу пунктінде дағыстандық кеденшілер эпимедиум пастасының (афродизиак) ірі партиясын анықтады, ол балдың орнына жасырылған.

Жүк Грузиядан Қазақстанға транзитпен бара жатқан.

Инспекторлар жүк көлігін тексеру үшін тоқтатты. Құжаттарға сәйкес, көлікте шөптен жасалған бал тасымалданған. Алайда жылжымалы инспекциялық-тексеру кешенін пайдалана отырып тексерген кезде кеден қызметкерлерінде құжаттағы мәліметтерге қатысты күмән пайда болды.  

Кейін тағы теккергенде күдікті расталды: картон қораптарда балдың орнына эпимедиум пастасы болғаны анықталды. Тауар шыны ыдыстарға және қағаз сашелерге салынған.

Заңсыз жүктің жалпы көлемі 22 тоннадан асты. Контрафактілік өнімнің нарықтық құны 21 миллион рубльден асты. Барлық тауар тәркіленді.

Тасымалдаушыға қатысты жүк тасымалдаудың кедендік рәсіміне орналастырылған кезде дұрыс емес мәліметтерді ұсыну туралы бап бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.

Бұл құқық бұзушылық бойынша тауарды тәркілеу және айыппұлдар салу жазасы қарастырылған. 


4 желтоқсан, 15:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.