Атырау, 5 желтоқсан 07:00
 ашықВ Атырау +1
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Авиациядағы ұрлық: Зауыттың бұрынғы директоры 110 млн теңгеге алаяқтық жасады деп айыпталуда

182 рет қаралды
Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті «Авиажөндеу зауыты №406 ГА» АҚ-ның бұрынғы басшысына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады.

Күдікті қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, әуе кемелерін жөндеуге арналған тауарлық-материалдық қорларды заңсыз есептен шығару схемасын ұйымдастырған.

МИ-2 тікұшақтарына, АН-2 әуекемелеріне және қозғалтқыштарға арналған агрегаттар мен қосалқы бөлшектерді жалған сатып алу тиесілі бақылауындағы компаниялар арқылы жүргізілген.

Зауыттың құжаттарында аталған агрегаттар қоймадан алынған және

күрделі жөндеу кезінде авиациялық

техникаға орнатылған ретінде көрсетілген, бірақ іс жүзінде қолданылмаған.

Кейіннен олардың пайдаланылғанын формалды түрде растайтын есептен шығару актілері бекітілген.

Мемлекетке келтірілген шығын 110 млн теңгені құрады.

Сот санкциясымен күдіктіге тиесілі 2 пәтер мен жер учаскесіне тыйым салынды.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге

ақпарат жариялауға жатпайды.

Кеше, 11:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.