Атырау, 5 желтоқсан 07:00
 ашықВ Атырау +1
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қайғылы жол апаты: инкассатор қаза тапты, ақша өртеніп кетті

240 рет қаралды
Видеодан жасалған скриншот
Видеодан жасалған скриншот

Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан Lada Largus инкассаторлық автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі қаза тапты. Бұл туралы облыстық полиция департаментінде хабарлады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Toyota Camry жүргізушісі рөлге ие бола алмай, инкассаторлық көлікпен соқтығысқан. Соққыдан Lada өртеніп кетті. Жедел қызмет мамандары келген кезде инкассаторлық көліктің жүргізушісі қаза тапқаны анықталды. Оның 36 жастағы серігі және Toyota-ның 41 жастағы жүргізушісі ауруханаға жатқызылды. Инкассаторлардың көлігінде 3 миллион теңгеден астам ақша болған, олар көлікпен бірге толығымен жанып кеткен.

Полицейлер Toyota жүргізушісінің мас күйінде болғанын анықтады. Оның үстіне бір жыл бұрын ол жүргізуші куәлігінен айырылған. Қылмыстық іс қозғалды, ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Кеше, 10:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.