Атырау, 19 желтоқсан 21:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

ОПЕК қоры 2030 жылға дейін Қазақстанның жобаларына 400 миллион долларға дейін инвестиция салады

353 рет қаралды
ОПЕК Халықаралық даму қорының картасы
ОПЕК Халықаралық даму қорының картасы

Мәжіліс Қазақстан Үкіметі мен ОПЕК Халықаралық Даму Қоры арасындағы жеке секторда операциялар ұйымдастыру туралы Негіздемелік келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады. Құжатқа 2024 жылдың 4 қыркүйегінде Астана қаласында қол қойылды, деп хабарлайды prg.kz.

Негіздемелік келісім Қордың мемлекеттік кепілдіктерсіз жылдық 2,5–5% жеңілдікті қарыздар беруін көздейді. Қаражат жеке инвестициялық жобаларды қаржыландыруға бағытталатын болады.

Құжат сондай-ақ: 

  • Қордың активтері мен кірістерін тікелей салықтардан босатуды; 
  • валюта айырбастау және қаражатты еркін аудару құқығын; 
  • Қазақстандағы Қордың мәртебесі мен жұмыс режимін; 
  • ұйым үшін артықшылықтар мен иммунитетті; 
  • Қордың және оның бенефициарларының құқықтарын қорғау тетіктерін; 
  • төрелік арқылы дауларды реттеу тәртібін бекітеді. 

Инвестициялардың басым бағыттары 

Келісімді ратификациялау Қазақстанға экономикалық дамудың негізгі бағыттары бойынша қаржылық қолдауды кеңейтуге мүмкіндік береді, оның ішінде:

  • энергетика 
  • өнеркәсіп 
  • көлік инфрақұрылымы 
  • қаржы секторы
  • ауыл шаруашылығы 
  • су ресурстары 
  • телекоммуникация 
  • білім беру және денсаулық сақтау.

Қордың стратегиялық басымдығы ретінде «су — азық-түлік — энергетика» бағыты бөлінген.

ОПЕК-тің ақпараты бойынша, ұйым 2026 жылдан 2030 жылға дейінгі кезеңде Қазақстанға түрлі жобаларды жүзеге асыру үшін 400 миллион долларға дейін бөлуді жоспарлап отыр.

Анықтама

ОПЕК Халықаралық Даму Қоры 1976 жылы құрылған, оның штаб-пәтері Венада орналасқан. Ұйымның құрамына 12 мемлекет кіреді: Алжир, Венесуэла, Габон, Индонезия, Иран, Ирак, Кувейт, Ливия, Нигерия, Сауд Арабиясы, БАӘ және Эквадор.

3 желтоқсан, 17:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.