Атырау, 19 желтоқсан 22:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

​«Қазақтелеком» Каспий түбімен өтетін су асты кабелінің алғашқы элементтерін қалыптастыра бастады

308 рет қаралды
"АЖ" коллажы, сурет Н.Мейірмановтың телеграм-арнасынан алынды
"АЖ" коллажы, сурет Н.Мейірмановтың телеграм-арнасынан алынды

«Қазақтелеком» Каспий теңізінің түбі арқылы талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) салудың негізгі кезеңіне кірісті. Бұл туралы компанияның инновациялар жөніндегі бас директоры Нұрлан Мейірманов хабарлады.

Оның айтуынша, мамандар кабель өндірісінде қолданылатын оптикалық талшықтарға зертханалық тексеру жүргізуді аяқтады. Сынақ өндірушінің алаңында бірнеше күнге созылды.

«Біз кабельдің алғашқы элементтерін қалыптастыруды бастадық. Оптикалық талшықтар оларды сыртқы әсерден қорғайтын металл қаптамаға — броньға орналастырылады. Бұл ең күрделі процестердің бірі: талшықтарды ұқыпты түрде төсеп, зақымдамау, кабельдің ішінде сенімді қорғауды қамтамасыз ету қажет», — деп атап өтті Мейірманов. 

Келесі кезеңдерге болат арқандармен қаптау және ылғалдан қорғайтын қабықшаны қалыптастыру кіреді. Бірінші өндірістік цикл кемінде екі ай уақытты алады, содан кейін құрастырудың жаңа кезеңі басталады.

Сонымен қатар, ROPA жүйесінің архитектурасы мен дизайнын тексеру аяқталды — үлкен қашықтықтарда сигналды күшейтуді қамтамасыз ететін негізгі элемент. Кабель дайындалғаннан кейін ROPA жүйесін жалпы инфрақұрылымға біріктіру басталады.

Каспий түбімен өтетін су асты ТОБЖ жобасы Қазақстан мен Әзербайжанды байланыстырып, трансконтинентальды цифрлық дәліздің бөлігіне айналады.

3 желтоқсан, 15:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.