
Екі жыл бойы компания басшылығы Жаңаөзен қаласында «Astana Rich Village» тұрғын үй кешенінің құрылысын қажетті рұқсат құжаттарынсыз, жобалық-сметалық құжаттамасыз, мемлекеттік сараптама мен авторлық қадағалаусыз жүргізген.
Азаматтардың қаражатын тарту мақсатында түрлі интернет-ресурстарда пәтерлердің нарықтан төмен бағамен сатылатыны туралы жарнама орналастырылған.
Нәтижесінде 23 азаматпен жалған алдын-ала сатып алу-сату шарттары жасалған. Заңсыз тартылған қаражаттың жалпы көлемі 303 млн теңгеден асты.
Түскен ақша құрылыс материалдарын сатып алғандай көрініс жасап, кәсіпорын кассасынан қолма-қол ақшаға айналдырылып, шын мәнінде жеке қажеттіліктерге жұмсалған.
Тұрғын үй құрылысы аяқталмаған.
Залалды өтеу және жәбірленуші үлескерлердің мүдделерін қорғау мақсатында сот санкциясымен күдіктілерге тиесілі мүлікке — тұрғын үй, пәтер, 2 автокөлік және 3 жер учаскесіне — тыйым салынды.
Күдіктілердің бірі қамауға алынды, екіншісіне бұлтартпау шарасы ретінде кепіл қолданылды.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
В Атырау -2