Атырау, 19 желтоқсан 22:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Атырау облысында 20 мыңнан астам адам табысын декларациялады

315 рет қаралды

Бұл туралы Атырау облысы бойынша МКД Өндірістік емес төлемдер басқармасының бөлімі басшысының м.а. Баян Сибатова баспасөз мәслихатында баяндады, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Оның айтуынша, осы жылы 1 қаңтардан бастап халықтың басым бөлігі декларация тапсырудан босатылды. Талап шетелде мүлкі, банктік шоттары немесе активтері бар азаматтар үшін ғана сақталады. Бұл өзгерістер салық рәсімдерін жеңілдетіп, артық жүктемені азайтады. Декларация тапсыру міндеті тек нақты активтері бар тұлғаларға қатысты болады.

«Активтер мен міндеттемелер туралы декларация» 250.00 нысан бойынша декларацияны шетелде мүлкі немесе цифрлық активі барлар, мемлекеттік қызметке үміткерлер мен жеке практикамен айналысатындар тапсырады, ал «Кірістер мен мүлік декларация» 270.00 нысанын 2026 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілер, ірі бизнес өкілдері мен олардың жұбайлары, сондай-ақ ірі табыс немесе мүлік иелері тапсырады.

Декларацияны 2026 жылдың 15 қыркүйегіне дейін электронды түрде немесе қағаз форматында өткізуге болады. Тапсырмаған жағдайда алғашқыда ескерту, қайталанса 15 АЕК (58 980 теңге) айыппұл қарастырылған.

3 желтоқсан, 09:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.