
Еуразиялық экономикалық комиссияда (ЕЭК) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден келген жолаушылар үшін рәсімдерді жеңілдетуге бағытталған ұсыныстар мақұлданды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» АҚ хабарлады.
Жақын арада шекарадан өту кезінде тексеру мен бақылау санын азайту, сондай-ақ бірыңғай электрондық билеттерді, онлайн тіркеу жүйесін және жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлеуді енгізу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.
ҚТЖ бұл шаралар ЕАЭО елдері арасындағы теміржол сапарларын неғұрлым ыңғайлы және жылдам етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
ЕАЭО құрамына Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения кіреді.
В Атырау -1