Атырау, 19 желтоқсан 22:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Маңғыстау облысынан келген мерзімді әскери қызметкердің қайғылы жағдайы

415 рет қаралды
Видеодан жасалған скриншот
Видеодан жасалған скриншот

Мерзімді әскери қызметкер Сұлтан Шынтеміров Маңғыстау облысында әскери қызмет өткеру кезінде өзімен болған оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп жазады Lada.kz.

Жас жігіттің айтуынша, зорлық-зомбылық жағдайлары бөлімге келгеннен кейін бірден басталған.

«Келген сәттен бастап мені ұрып-соқты. Жуынуға екі минут береді — егер үлгермесең, теуіп қуып шығарады. Күштеп сүйреп апарады, ұрады. Егер ауырса — ауырған жеріңнен ұрады. Басқа сабынмен ұрады, каптеркаға қамап, аяқпен тебеді. Ешнәрсені түсіндірмейді. Бір күні каптеркаға сүйреп кіргізіп ұрды, мен шыдай алмай қолымды тіліп тастадым», — деді Сұлтан Шынтеміров. 

Бұған дейін Маңғыстау облысынан келген 18 жастағы әскери қызметкердің психиатриялық ауруханаға жатқызылғаны хабарланған болатын. Туыстары мұның себебі жүйелі қысым мен дедовщина деп санайды. Кейінірек Құрлық әскерлері болған оқиғаға түсініктеме берді.

Ауруханаға жатқызылғаннан кейін Шынтеміров запасқа шығарылды. Оның әскери қызметкерлер тарапынан болуы мүмкін заңсыз әрекеттер туралы арыздарында баяндалған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды.

2 желтоқсан, 17:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.