Атырау, 5 желтоқсан 07:18
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Павлодар облысы әкімінің әпкесі жауапқа тартылды

203 рет қаралды
Асаин Байханов, сурет: Павлодар облысының әкімінің баспасөз қызметі
Асаин Байханов, сурет: Павлодар облысының әкімінің баспасөз қызметі

Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов әлеуметтік желідегі жазбасында әпкесі Айгүл Байханованың әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын растады, деп жазады Nege.kz. 

Әлеуметтік желіде белсенділігімен танымал әкім Асаин Байхановқа әпкесі жайлы сауалдар жиі түскен көрінеді. Ол желіде бұл жағдайға байланысты жазба қалдырып, заң алдында бәрі тең екенін айтты.

«Менің үлкен әпкемнің әкімшілік жауапкершілікке тартылуына қатысты мынаны айта аламын: барлық азаматтар заң алдында тең. Менің әпкем де, отбасымыздың басқа мүшелері де бұл қағидаттан тыс емес», – деп жазды ол.

Айта кетейік, Айгүл Байханова 4 қараша күні Екібастұз қаласында мас күйінде көлік басқарды деген күдікпен ұсталып, медициналық сараптама оның жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғанын анықтаған. Сот шешімімен ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

2 желтоқсан, 16:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.