
Алматы облысындағы жолда ірі жол апатынан бір көлікте болған жеті адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жол-көлік апаты Алматы – Бішкек жолының 129-шақырымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Honda Odissei көлігінің жүргізушісі алдында кетіп бара жатқан HOWO жүк көлігінің тіркемесіне соқтығысқан.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл көлікте болған жеті адамның барлығы, оның ішінде жүргізуші де, алған жарақаттарынан көз жұмды", – деп хабарлады полиция.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін, 25 қарашада елде бір тәулік ішінде тоғыз адам қаза тапқан екі ауыр жол апаты орын алған болатын. Олардың бірі Алматы облысында да болған — Алматы – Бішкек тас жолының 65-шақырымында Audi және Toyota соқтығысқан. Апатқа қатысушылардың бесеуі оқиға орнында көз жұмды.
В Атырау +4