Иран Президенті Хасан Рухани 3-6 айы мерзімінде Теһранның ядролық бағдарламасы бойынша халықаралық қоғамдастықпен келісімді бекітетінін мәлім етті.
Ол Washington Post басылымына ядролық проблеманың шешімі АҚШ пен Иран қатынастарын жақсартудың бастапқы нүктесі болуы ықтимал екенін айтқан.
Президенттің сөзінше, Иран ядролық зерттеулер бейбіт мақсатта жүріп жатқандығын Батыстың көзін жеткізу үшін барынша ашық болуға дайын.
Бейсенбіде Иран уранды байыту бағдарламасы туралы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің бес тұрақты мүшесімен келіссөздер жүргізеді.
Сейсенбіде Рухани БҰҰ Бас ассамблеясының алдындағы сөзінде өзінің елі ядролық бағдарлама бойынша келіссөздерге дайын екендігін мәлім еткен еді.
Айта кетейік, Иран әрқашан да өзінің ядролық бағдарламасы тек бейбіт мақсатқа негізделгенін сендіруде. Алайда батыстық елдер Теһран жаппай қыру қаруын әзірлеуге ниеттеніп жүр деген күдікті алға тартуда.
Дереккөз: ҚазАқпарат