Атырау, 19 желтоқсан 22:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Жедел жәрдем шақыру тарифі өседі

438 рет қаралды

Денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдем шақыру тарифін өзгерту туралы бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға шығарды.

Жобада 4-санаттағы (төмен шұғылдықтағы) шақыртулар үшін кешкі және түнгі уақытта тарифті 340 теңгеден 360 теңгеге көтеру ұсынылады. Мұндай шақыртулар пациенттің өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнбейтін жағдайларға жатады.

Министрлік мәліметінше, бұл өзгеріс жедел жәрдем бригадаларының жүктемесін азайтып, көмектің сапасын арттыруға және әрекет ету жылдамдығын жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланған және 15 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға ашық болады.

28 қараша, 15:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.