
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Талғат Смағұлов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте биыл субсидиялау арқылы жалпы сомасы 374,5 млрд теңге болатын жобалар қолдау тапқанын хабарлады.
Ол атап өткендей, жаңа талаптарға сәйкес субсидия банк ұсынған 22% мөлшерлеменің 40%-ын жабады. Нәтижесінде кәсіпкер үшін соңғы мөлшерлеме 13,2%, ал әлеуметтік кәсіпкерлер үшін – 11,3% болады.
Сонымен қатар, жаңа қаржыландыру құралы – «Өрлеу» бағдарламасы субсидияға тәуелді емес. Кәсіпкерлер 12,6% мөлшерлемемен 10 жылға дейін несие алып, айналым қаражатын 3 жылға дейін қаржыландыра алады. Қазірге дейін 1 459 кәсіпкер несие алған.
Алдағы уақытта микро және шағын бизнес үшін 200 млн теңгеге дейінгі жаңа портфельдік субсидиялау бағдарламасы іске қосылады. Бұл бағдарлама өңдеу өнеркәсібі, көлік, білім, медицина және қызмет көрсету саласындағы шағын жобаларды қолдауға бағытталған.
В Атырау -1