Атырау, 19 желтоқсан 22:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Трамп АҚШ-қа үшінші әлем елдерінен миграцияны тоқтататынын мәлімдеді

431 рет қаралды
© AP Photo/ Evan Vucci
© AP Photo/ Evan Vucci

АҚШ Президенті Дональд Трамп АҚШ-қа үшінші әлем елдерінен миграцияны белгісіз уақытқа тоқтататынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Truth Social платформасында жариялады, деп хабарлайды ТАСС.

Трамптың сөзінше, ол миграцияны тоқтату арқылы АҚШ жүйесінің толық қалпына келуіне мүмкіндік беруді көздейді. Сонымен қатар, бұрынғы Президент Джо Байденнің берген «милиондаған заңсыз кіру рұқсаттарын» жоюға уәде берді. Ол тек АҚШ үшін пайдалы емес, елді сүйе алмайтын адамдардың бәрін елден шығаратынын айтты.

Президент мигранттарға арналған федералдық жәрдемақылар мен субсидияларды алып тастайтынын, ішкі тәртіпке қауіп төндіретін немесе қоғамға зиян келтіретін азаматтығы жоқ адамдарды елден шығаратынын, сондай-ақ батыс өркениетіне сәйкес келмейтін шетелдіктерді депортациялайтынын атап өтті.

Трамптың бұл мәлімдемесі АҚШ-тың иммиграциялық саясатына қатысты жаңа қатаң шараларды көрсетіп отыр.

28 қараша, 14:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.