Атырау, 5 желтоқсан 07:33
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде сақтап қалды

298 рет қаралды

Қазақстан Ұлттық Банкі Ақша-кредит саясаты комитетінің шешімі бойынша базалық мөлшерлеме жылдық 18,0% деңгейінде (+/-1 п.т.) қалды. Шешім макроэкономикалық көрсеткіштер, инфляциялық тәуекелдер және болжамдық анализдер негізінде қабылданды.

2025 жылғы қазан айында инфляция 12,6%-ға жеткен, азық-түлік бағасы 13,5%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 11% өскен. Қызметтер бағасы 12,9%-ға дейін баяулаған. Халықтың инфляциялық күтулері өсіп, қысқа мерзімді белгісіздік сақталуда.

Ұлттық Банк сыртқы факторлар мен баға қысымын ескере отырып, ақша-кредит саясатын қатаң ұстап тұру қажеттігін атап өтті. 2026 жылдың бірінші жартысына дейін мөлшерлемені төмендету мүмкін болмайды.

Инфляция болжамы: 2025 жылы – 12,0–13,0%, 2026 жылы – 9,5–12,5%, 2027 жылы – 5,5–7,5%. Экономика өсімі 2025 жылы 6,0–6,5%, 2026 жылы – 3,5–4,5%, 2027 жылы – 4,0–5,0% деп күтілуде.

Ұлттық Банк пен Үкімет 2026–2028 жылдарға макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша бірлескен бағдарламаны іске асырады.

Келесі базалық мөлшерлеме бойынша шешім 2026 жылғы 23 қаңтарда жарияланады.

28 қараша, 13:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.