
Байқоңырдағы ғарыш айлағынан «Союз-2.1а» зымыран көтерілгеннен кейін старт үстелінің бірнеше элементінде зақымдар анықталды. Бұл туралы «Роскосмос» баспасөз қызметінің Telegram-каналында хабарланды.
Корпорацияның мәліметінше, зымыран штаттық режимде ұшырылып, ешқандай ақауларсыз орбиталық миссиясын орындады. Ғарыш кемесі халықаралық ғарыш станциясына сәтті қосылып, экипажы аман-сау екені айтылды.
Әдеттегідей, зымыран ұшырылғаннан кейін старт алаңы тексеріліп, зақымдар анықталған.
«Старттан кейін кейбір элементтерде зақым пайда болуы мүмкін, сондықтан әлемдік тәжірибеде әр ұшырылымнан кейін тексеру міндетті түрде жүргізіледі», — делінген хабарламада.
«Роскосмос» мәліметінше, қазіргі уақытта старт кешенінің жағдайы бағалануда. Қажет болған жағдайда зақымдарды қалпына келтіру үшін барлық резервтік элементтер дайын тұр, және зақымдар жақын арада жөнделетін болады.
В Атырау -1