
Беларусь президенті Александр Лукашенко Бішкекте журналистермен кездесуінде Қырғызстанның экс-президенті 2010 жылдан бері Беларусьте жүрген Құрманбек Бакиевтің өмірі туралы көпшілік алдында айтты, деп хабарлайды belta.by.
Лукашенконың айтуынша, Бакиев өзін жақсы сезінеді және елде жайғасып қалған: «Бакиев те жақсы өмір сүріп жатыр. Қалыпты жағдайда. Біз оны сіздерге жібермейміз. Мен оған: «Ешқандай сапар жоқ, жетер! Беларусьте өмір сүр» дедім. Мен кейде оның шақыртуымен қонақта болып тұрамын».
Беларусь президенті сонымен қатар Бакиевтің отанын сағынғанын және Қырғызстанға әкесінің қабірін зиярат ету үшін болса да барғысы келетінін айтты.
«Ол қатты қиналады және елін сағынады. Маған әрдайым: әкемнің қабіріне барғым келеді дейді. Қырғыздардың өз президентіне әкесінің қабіріне баруға рұқсат етпеуі — масқара», — деді Лукашенко.
Лукашенко бұл мәселені Қырғызстанның «қазіргі басшылығымен» шешуге болатынына үміт білдірді.
Экс-президент Құрманбек Бакиев 2010 жылғы сәуір оқиғаларының нәтижесінде биліктен құлатылып, елден кеткен болатын. Қырғызстан оны бірнеше рет беруді талап етті, ол сырттай бірқатар қылмыстық істер бойынша сотталды.
В Атырау -1