Атырау, 19 желтоқсан 22:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Маңғыстау жұмысшылары ұжымдық шарттың орындалуын талап етті

Бейнежазба
361 рет қаралды
Видеодан скриншот
Видеодан скриншот

Маңғыстау облысында «Жалғызтөбемұнай» компаниясының ондаған қызметкері 2024 жылдың шілдесінде жасалған ұжымдық шарттың толық орындалуын сұрап отыр.

25 қарашада жарияланған видеомәлімдемеде олар шарттағы 3.8, 5.93 және 5.95 тармақтары орындалмай жатқанын айтты. Жұмысшылар былтыр күзден бері еңбек инспекциясына, прокуратураға және Еңбек министрлігіне бірнеше рет шағымданғанымен, нәтиже болмағанын жеткізді.

Ал Еңбек министрлігі биыл мамырда берген ресми жауабында үстемақы мен зиянды жұмысқа қатысты тарифтердің заңнамада бекітілгенін, сондықтан еңбек заңнамасы бұзылмағанын мәлімдеген.

27 қараша, 15:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.