Атырау, 19 желтоқсан 22:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Вашингтондағы қарулы шабуыл: екі сарбаз ауыр халде

250 рет қаралды

26 қараша күні АҚШ астанасы Вашингтонда, Ақ үй маңында қарулы шабуыл болды. Екі ұлттық гвардия сарбазы жараланып, олардың жағдайы өте ауыр екені хабарланды. Шабуыл жасаған адам да жараланып, полиция тарапынан ұсталды, деп хабарлайды BBC News Русская служба.

ФБР директоры Кэш Патель бұл оқиғаны «қорқынышты зорлық әрекеті» деп атап, тергеуді ФБР мен Ішкі қауіпсіздік министрлігі және АҚШ-тың Құпия қызметі жүргізіп жатқанын айтты.

Колумбия округінің мэрі Мюриел Баузер оқиғаның әдейі жасалғанын мәлімдеді: «Бұл сарбаздарды нысанаға алған қасақана шабуыл болды», — деді ол.

АҚШ президенті Дональд Трамп оқиғаны «террорлық акт» деп атады. Ол Truth Social желісінде шабуылдаушыны «хайуан» деп сипаттап, өз әрекеті үшін ауыр жауапқа тартылады деп жазды. Кейін халыққа үндеуінде Трамп күдіктінің 2021 жылы Ауғанстаннан келгенін айтты және елге кірген азаматтарды қайта тексеру қажеттігін мәлімдеді.

CBS дерегіне сүйенсек, күдікті — 29 жастағы ауған азаматы Рахманулла Лаканвала. Осы оқиғадан кейін АҚШ азаматтық және иммиграция қызметі ауғанстандықтарға қатысты барлық өтініштерді уақытша тоқтататынын жариялады.

Оқиға куәгерлері бірнеше рет оқ атылғанын, адамдардың дүрбелеңмен қашқанын жеткізді. Журналистердің айтуынша, оқиға орны Ақ үйден небәрі бір жарым квартал жерде орналасқан.

Трамп қосымша 500 ұлттық гвардия сарбазын Вашингтонға жіберуді тапсырды.

27 қараша, 14:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.