Атырау, 5 желтоқсан 07:07
 ашықВ Атырау +1
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Гонконгтағы өрттен қаза тапқандар саны 44 адамға жетті

263 рет қаралды

Гонконгтағы Тай По ауданындағы тұрғын үй кешенінде болған өрттен қаза тапқандар саны 44 адамға жетті, тағы 279 адам із-түзсіз жоғалған, деп хабарлайды АА. 

Өрт бамбук тіректер мен пластикалық материалдар арқылы тез таралып, жағдайды күрделендірді. Қаза тапқандардың арасында бір өрт сөндіруші бар, 45 адам ауруханада ауыр халде жатыр.

Полиция үш күдіктіні ұстады, олардың екеуі құрылыс компаниясының басшылары, бірі инженер-консультант. Оларға абайсызда адамның өліміне әкеп соққан әрекеттері үшін айып тағылды.

Гонконгта алғаш рет соңғы 17 жылда бес деңгейлі өрт қауіпі жүйесінің ең жоғары – бесінші деңгейі жарияланды. Жан-жақтағы тұрғын үйлер эвакуацияланды, шамамен 900 адам уақытша баспанаға орналастырылды.

27 қараша, 12:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.