
Алматы қаласында өздерін құқық қорғау органдарының қызметкеріміз деп өтірік таныстырып, Қытай Халық Республикасының азаматтарынан ақша бопсалаған бір топ адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілер шетелдіктерден шамамен 5,5 миллион теңге көлемінде қаражат алған.
Тергеу барысында анықталғандай, топ мүшелері бірігіп әрекет етіп, алдымен көшеде жүрген шетелдік азаматтардың біріне жақындап, өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырған. Одан кейін олардың уақытша тұрып жатқан мекенжайына бірге барған күдіктілер ақша талап еткен.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
В Атырау +4