Атырау, 5 желтоқсан 07:33
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Дастан Сәтпаев – Чемпиондар лигасында гол соққан алғашқы қазақстандық атанды

248 рет қаралды

Сурет: "Қайрат" ФК
Сурет: "Қайрат" ФК

«Қайрат» клубының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев «Копенгагенге» қарсы ойында гол соғып, Қазақстан футболы тарихында бұрын-соңды болмаған жетістікке қол жеткізді.

Оның соққан голы матчтағы маңызды эпизод қана емес, Еуропа аренасындағы ел футболы үшін жаңа белес болды. Осы нәтижемен Сәтпаев Чемпиондар лигасында гол соққан тұңғыш қазақ футболшысы атанды.

Сонымен қатар, ол турнирдегі ең жас гол соққан футболшылардың алғашқы үштігіне енді. Жаңарған рейтинг келесідей:

Ансу Фати — 17 жас 40 күн (Интер 1:2 Барселона, 10.12.2019)

Ламин Ямаль — 17 жас 68 күн (Монако 2:1 Барселона, 19.09.2024)

Дастан Сәтпаев — 17 жас 106 күн (Копенгаген 3:2 Қайрат, 26.11.2025)

Тартысты матчта «Қайрат» сапындағы тағы бір отандасымыз Олжас Байбек те қақпаға дәл соққы бағыттап, Чемпиондар лигасында гол соққан екінші қазақ футболшысы атанды.

Жас ойыншылардың бұл жетістігі қазақстандық футболдың әлеуеті әлі де жоғары екенін айқын көрсетті.

27 қараша, 10:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.