Атырау, 19 желтоқсан 22:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Алматыда қайырымдылыққа қатысты заң талабын бұзған қор директоры айыппұл төлеуге міндеттелді

237 рет қаралды
Сурет: ChatGPT шығарған сурет
Сурет: ChatGPT шығарған сурет

Алматыда қайырымдылық қорының басшысы қайырымдылық қызметін реттейтін заң нормаларын айналып өтіп,15 жастағы жасөспірімді қалалық базарда қоғамдық қайырымдылық акциясына қаражат жинауға тартқан. 

Құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша, кәмелетке толмағандар азаматтарды қайырымдылыққа шақырып, шу шығарып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Осылайша, жасөспірім әкімшілік заңнаманы бұзумен байланысты жағдайға тап болған. 

Бұл іс бойынша қор директорына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 128-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Сот отырысында қор директоры өз кінәсін мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растады. Әкімшілік құқық бұзушылық жинақталған дәлелдемелермен, сондай-ақ кәмелетке толмаған жасөспірімнің және директордың өз сөздерімен расталды.

ӘҚБтК-нің 128-бабының 1-бөлігі бойынша айыппұл жеке тұлғаларға 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды қарастырады.

Алматы қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жасалған құқық бұзушылықтың сипатын, кінәлінің жеке басын және жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, оны кінәлі деп танып, 196 мың теңгеден астам айыппұл салды.

27 қараша, 10:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.