
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемесі Құлсары қаласынан Атырауға ауыр жағдайда жатқан нәрестені жедел түрде тасымалдады.
Экипаждың жедел әрекеті мен медициналық бригаданың үйлесімді жұмысының арқасында ұшу сәтті өтті. Атырауға қонған соң сәби бірден дәрігерлерге тапсырылып, облыстық медициналық мекемеге жеткізілді.
Министрліктің мәліметінше, «Қазавиақұтқару» күрделі әрі шұғыл жағдайларда азаматтарға көмек көрсетуді жалғастырып, өмірді сақтап қалуға бағытталған маңызды миссиясын атқаруда.
В Атырау -1