Атырау, 19 желтоқсан 22:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Түркістан облысында полиция мен еріктілер 200-ге жуық граффити жазбасын жойды

233 рет қаралды
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында полиция мен еріктілер 200-ге жуық граффити жазбаларын жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер интернет желісін пайдалана отырып есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды өткізуге байланысты құқықбұзушылықтардың алдын алу және оларды анықтау жұмысын күшейтуде.

"Цифрлық өткізу" жедел алдын алу іс-шарасы аясында Түркістан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен, есірткі құқық бұзушылығының профилактикасы жөніндегі Кеңес мүшелері, әкімдіктің ішкі саясат бөлімі, "Жастар ресурстық орталығы" жастары, облыстық еріктілер қауымы, "Түркістан Жарық Тазалық" ЖШС қызметкерлері, облыстық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының өкілдері, "Қожа Ахмет Ясауи" университетінің студенттері, спортшылар және "Дала қырандары" жастар ұйымының белсенділері бірлесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында Түркістан қаласының көшелерінде синтетикалық есірткілердің жарнамалық 200-ге жуық граффити жазбасы жойылып, халық көп шоғырланған аумақтарда тұрғындарға ақпараттық үнпарақтар таратылды. Сонымен қатар жасөспірімдерге есірткінің зардабы туралы танымдық көріністер мен қойылымдар көрсетіліп, қауіп-қатердің салдары түсіндірілді.

Полиция қызметкерлері оқу-жаттығу әрекеттерін көрсетіп, қауіпсіздік ережелері, сақтық шаралары және құқықтық жауапкершілік туралы мағлұмат берді. Полицейлер қоғамдық орындар мен көшелердегі нашақорлықты насихаттайтын жазбалармен күрес әрі қарай да жалғасатынын атап өтті. 

Алдағы уақыттарда мұндай шаралар белсенді жастар мен қоғам өкілдерін тарта отырып, тұрақты түрде өткізіледі.

26 қараша, 17:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.