
Атырау қаласына жақын орналасқан елді мекендерде зиянкестердің таралуын болдырмау мақсатында дезинфекция жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қазіргі уақытта Жайық өзенінің екі жағалауында «WSS» және «AG Desinfection Services» мекемелері Талғайран, Аспа, Алмалы және Береке ауылдарында улау шараларын қолға алған. Мамандар жерді шамамен жарты метр тереңдікте қазып, арнайы препарат себуде. Бұл әдіс зиянкестердің көбеюіне және ауылдарға қарай жылжуына тосқауыл қоюға бағытталған.
Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғасырбек Төлегеннің айтуынша, жұмыстар бір мезгілде бірнеше елді мекенде қатар жүргізіліп жатыр.
«Тұрғындарға кеміргішке арналған у таратылып, оны дұрыс қолдану жолдары түсіндірілді. Препаратты қай жерге және қалай орналастыру керектігі көрсетілді. Барлық жұмыс қауіпсіздік талаптарына сай атқарылуда», — деді ол.
В Атырау +4