Атырау, 23 қараша 19:36
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ресей делегациясы БҰҰ Бас Ассамблеясы отырысында М.Саакашвилидің сөзін тыңдамай кетіп қалды

1 475 просмотра

Ресей делегациясы БҰҰ Бас Ассамблеясы отырысында Грузия президенті Михаил Саакашвилидің сөзін тыңдамай кетіп қалды. РФ –ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Виталий Чуркиннің айтуынша, бұндай шешім Грузия президентінің Ресейге қарсы сипаттағы сөздеріне наразылық ретінде қабылданды, деп хабарлады Russia Today-ге сілтеме жасай отырып РБК.

В.Чуркиннің айтуынша, М.Саакашвилидің сөзі Ресейге қарсы ғана емес, православие дініне қарсы сипатта болды. Және «оның психикалық денсаулығы кәсіби тұрғыдан тексеруді қажет етеді, сонымен қатар оның саяси карьерасы аяқталуға жақын» деді.

Өз сөзінде М.Саакашвили Ресей «басқа мемлекеттерге қарағанда көрші мемлекеттердің тұрақтылығын қаламайды» деді.

Дереккөз: bnews.kz

26 қыркүйек 2013, 12:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.