Атырау, 5 желтоқсан 07:51
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға жаңа салық режимі: не өзгерді

203 рет қаралды
Сурет: freepik.com
Сурет: freepik.com

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2025 жылғы 21 қарашасындағы Қаулысымен 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін Арнаулы салық режимін (АСР) қолдануға рұқсат етілетін 40 қызмет түрінің тізімін бекітті.

Жаңа АСР өзара тиімді, қарапайым және әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз ететін механизм ретінде әзірленген. Ол жеке кәсіпкер мәртебесі жоқ және жалдамалы қызметкері жоқ азаматтарға арналған.

АСР-дің негізгі ерекшеліктері:

  • ЖК ретінде тіркелудің қажеті жоқ;

  • Ай сайын 300 АЕК-ке дейінгі табысқа арналған;

  • Әлеуметтік төлемдерді қамтитын бірыңғай 4% мөлшерлеме;

  • Жұмыс істеу үшін арнайы платформа немесе қосымша міндетті емес;

  • Жалдамалы қызметкерлерді алу мүмкіндігі жоқ;

  • Қызмет көрсету тетігі: аккредиттелген интернет-платформа немесе Қаржы министрлігінің мобильді қосымшасы арқылы.

Әлеуметтік төлемдер 4%-дық мөлшерлемеге енгізілгендіктен, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар зейнетақы жинақтары мен медициналық сақтандыруға қол жеткізе алады.

Сонымен қатар, компаниялар өзін-өзі жұмыспен қамтығандармен жасалған келісім бойынша шығындарды салық есептеуде шегерімге қоса алады. Бұл өз кезегінде нарықтың ашықтығын арттырып, қызметтерді заңды түрде тартуға ықпал етеді.

Рұқсат етілген қызмет түрлері:

  • Тұрмыстық және жөндеу қызметтері: компьютер, тұрмыстық техника, киім-кешек, аяқ киім, жиһаз, зергерлік бұйымдарды жөндеу; сылақ, сырлау, ағаш ұсталығы және басқа да шеберлік жұмыстары;

  • Шығармашылық және зияткерлік қызметтер: көркем шығармашылық, фотосурет, аударма, спорт, демалыс, мәдениет саласындағы білім беру;

  • Жалға беру және көлік қызметтері: такси қызметі, тұрғын үйді жалға беру, жеке заттарды жалға беру;

  • Интернет-платформалар арқылы көрсетілетін қосымша коммерциялық қызметтер.

Тізімге кірмейтін қызметтер үшін жаңа АСР қолданылмайды.

Жаңа АСР-ді енгізу – экономиканың көлеңкеден шығуына, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды әлеуметтік қорғауға және ресми еңбек нарығына интеграциялауға бағытталған маңызды қадам болып отыр.

26 қараша, 14:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.