Атырау, 19 желтоқсан 22:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Сот «Дикий Арманның» жазасын күшінде қалдырды

252 рет қаралды
Ашық дереккөзден алынған сурет
Ашық дереккөзден алынған сурет

Алматы қалалық сотында Қаңтар оқиғасына қатысты резонансты іс бойынша апелляциялық сатыдағы сот процесі аяқталды. Бұған дейін қылмыстық тобымен бірге сотталған Арман Жұмагелдиевке қатысты шығарылған үкім өз күшінде қалдырылды, деп жазады Тенгриньюс.

26 қараша күні Алматы қалалық сотының апелляциялық сот алқасы істің негізгі қатысушыларына қатысты бірінші сатыдағы сот үкімдерін өзгеріссіз қалдыру туралы шешім шығарды.

Еске салайық, 2025 жылы «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қылмыстық тобы Қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғаны және азаматтарды ұрлағаны үшін сотталған болатын.

Аталған қылмыстық іс бойынша сот шешімі 27 қаңтарда Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында шыққан еді. Бұл іс Арман Жұмагелдиевтің қылмыстық тобының басшылары мен қарулы мүшелеріне, сондай-ақ ҰҚК-нің 5-департаментінің экс-басшысы Руслан Ысқақовқа, Алматы қаласы мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайбергенге және басқа да тұлғаларға қатысты болды.

Сот үкімімен Арман Жұмагелдиев ҚР Қылмыстық Кодексінің бірнеше баптары бойынша кінәлі деп танылды. Атап айтқанда:

  • 262-бап, 1-бөлім (Қылмыстық топ құру);
  • 268-бап, 1-бөлім (Қаруды заңсыз сақтау);
  • 272-бап, 1, 2-бөлімдер (Жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру және оған қатысу);
  • 125-бап, 3-бөлім, 1-тармақ (Адам ұрлау);
  • 126-бап, 3-бөлім, 1-тармақ (Бас бостандығынан заңсыз айыру).

Осы баптар бойынша Арман Жұмагелдиевке 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын. Апелляциялық алқа осы үкімді өзгеріссіз қалдырды.

26 қараша, 11:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.