Атырау, 19 желтоқсан 22:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Павлодарда магнит арқылы есірткіні жасырын қойып жүрген күдікті ұсталды

218 рет қаралды
gov.kz
gov.kz

Павлодар ПД есірткі қылмысына қарсы полиция қызметкерлері мен Павлодар облыстық прокуратурасы бірлесіп магниттің көмегімен есірткі жасырған 23 жастағы ер адамды ұстады.

– Ер адам жедел іс-шара барысында ұсталды. Оның гараждардың темір қақпаларына есірткі салынған орамаларды магнитпен жабыстырып, кейін суретке түсіріп, орналасқан жерінің мәліметтерін жіберіп отырғаны анықталды. Ұстау кезінде оның жанынан ақ түсті ұнтақ салынған, изолентаға оралған бес клипбокс табылды. Сонымен бірге, полиция қызметкерлері күдіктінің смартфонын тәркіледі, онда тыйым салынған заттар жасырылған орындардың координаттары мен сипаттамасы болған. Кейін Павлодар аумағында жедел уәкілдер есірткі салынған 25 жасырын орынды тапты, – деп мәлімдеді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.

Ведомство мәліметінше, әр жасырын ораманың ішінде кішкентай магнит болған. Сол магниттің көмегімен сверток құбырларға, есіктерге және басқа металл беттеріне бекітіліп отырған.

Зерттеу нәтижесі бойынша, орамалардың ішінен жалпы салмағы 17 грамнан асатын синтетикалық есірткі табылған. Бұл – аса ірі көлем болып саналады.

Қазіргі уақытта есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын заңсыз дайындау, өңдеу, өндіру және сату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті қамауда отыр.

26 қараша, 11:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.