Атырау, 19 желтоқсан 22:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

ҚМГ румындық еншілесін жекешелендіру туралы ақпаратты жоққа шығарды​

275 рет қаралды
«Румыниядағы Rompetrol жанармай құю станциясы»
Румыниядағы Rompetrol жанармай құю станциясы

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы (ҚМГ) Румыниядағы өзінің еншілес KMGI International N.V. компаниясы жекешеленеді деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдеді. Бұл компания Rompetrol Rafinare «Петромидия» және Rompetrol Rafinare «Вега» зауыттарындағы үлестерге ие.

Мұндай ақпарат azrk.nop.kz сайтындағы Ұлттық жекешелендіру кеңсесі жариялаған тізімнен кейін таралған еді. Сол тізімде KMG International N.V. компаниясының 2026–2027 жылдары екі кезеңді ашық конкурс, электронды конкурс немесе тікелей сату арқылы жекешеленуі мүмкін деген дерек көрсетілген.

«ҚазМұнайГаздың» баспасөз қызметі түсіндіргендей, әртүрлі активтер бойынша кешенді жекешелендіру жоспарын жасау — қалыпты, стандартты тәжірибе. Әртүрлі экономикалық салаларға тиесілі компаниялар мұндай тізімге енгізілуі мүмкін. Бұл процесс ұзақ уақытты талап етеді және көптеген факторларды ескеруді қажет етеді.

Компания хабарламасында: «Әр түрлі активтер бойынша Кешенді жекешелендіру жоспарын қалыптастыру – бұл тұрақты жүргізілетін тәжірибе. Тізімге әртүрлі сектор компаниялары енгізілуі мүмкін. Бұл — көптеген факторларды ескеретін ұзақ процесс», — делінген.

Сонымен қатар, ҚМГ KMGI International N.V. компаниясы қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын және өндірістік әрі қаржылық көрсеткіштерді табысты орындап отырғанын атап өтті.

26 қараша, 10:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.