
Полиция департаменті тергеу тобы құрылғанын хабарлады. Тергеу мүддесіне байланысты әзірге өзге мәлімет жария етілмейді.
Бірнеше коттедждің тұрғындары үйлердің қабырғалары мен іргетасында жарықтар пайда болғанын, мұндай жағдайда тұру қауіпті екенін айтады. Олар бұл баспаналарды кезекте тұрған азаматтарға арналған ипотекалық бағдарлама арқылы алған. Тұрғындар сапаға сенгендерін, енді тәуелсіз сараптама жүргізуді талап ететінін жеткізді. Олардың айтуынша, құрылыс барысында сапасыз материалдар қолданылған болуы мүмкін. Тұрғындар мердігер компания олқылықтарды жойсын немесе үйлер құлаудың алдында тұрса, отбасыларды көшіруді қамтамасыз етсін дейді.
Талғайрандағы коттедждер 2018 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған. Барлығы – 60 үй.
Қала әкімдігі үйлердің кепілдік мерзімі 2020 жылы аяқталғанын хабарлады. Ал алғашқы ақаулар 2023 жылы анықталған, сол кезде мердігер жөндеу жұмыстарын жүргізген. Алайда жаңа шағымдар мәселенің шешілмегенін көрсетіп отыр.
Қазір барлық үйге техникалық тексеру жүргізуге және топыраққа геологиялық зерттеу жасауға дайындық жүріп жатыр. Әкімдік бұл жұмыстардың құнын құрылысшы компания өтейтінін атап өтті. Сараптама нәтижесі шыққан соң компанияға қандай шара қолданылатыны белгілі болады.
Айнұр САПАРОВА
В Атырау +1