
Атыраулықтар таңертеңнен бері краннан ағып жатқан судан қатты хлор иісі шығатынын айтып, мұндай суды тұрмыста қолданудың қауіпсіздігін білгісі келеді.
Алғашқы шағымдар Нұрсая ықшамауданынан түсті: Таумұш Жұмағалиев көшесіндегі №25 үйдің тұрғындары судан өткір химиялық иіс шыққанын хабарлаған. Ұқсас жағдай Авангард ықшамауданында Сәтпаев даңғылы бойындағы 5-үйде де байқалған.
«Модерн Сити» ТҮК тұрғындары да осы мәселе туралы айтып отыр. Бір тұрғын таңертең хлор иісін байқап, бастапқыда өзіне солай көрінді деп ойлағанын жеткізді. Кейін ПИК-ке басқа тұрғындар да жүгінген. ПИК қызметкері үйіне келгенде хлор иісі бүкіл пәтерге сіңіп кеткенін айтады.
Қала тұрғындары коммуналдық қызметтерден суда хлордың неліктен қатты сезілетінін, мұндай суды ішуге және тамақ дайындауға қолдануға бола ма деген сұраққа жауап беруді сұрайды
Қала тұрғындары коммуналдық қызметтерден хлорлы заттардың неге күшейіп кеткенін және мұндай суды қолдану қауіпсіз бе деген сұраққа жауап күтуде.
«Атырау облысы Су Арнасы» КМК берген түсініктемесі:
«Тұрғындардан түскен шағымға байланысты зертхана мамандары су үлгілерін алу үшін көрсетілген мекенжайларға шықты. Нәтижелер дайын болған соң қосымша ақпарат беріледі», – делінген хабарламада.
Айнұр САПАРОВА
В Атырау -2