Атырау, 5 желтоқсан 07:52
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Түркістан облысында құны 9 млрд теңге болатын құс фабрикасы салынады

206 рет қаралды

Келесі жылы Түркістан облысында жалпы құны 9 млрд теңгені құрайтын жаңа заманауи құс фабрикасының құрылысы басталады. Ауқымды инвестициялық жобаны инвестор өз қаражаты есебінен жүзеге асырады.

Фабрика екі бағытта жұмыс істемек: ет бағытындағы бройлер өндірісі және жұмыртқа шығару.

  • Бройлер өндірісі: – бір циклде 60 мың бройлер өсіріледі; – жылдық қуаты – 1 401 тонна құс еті.
  • Жұмыртқа өндірісі: – 120 мың жұмыртқалағыш тауық бағылады; – жылына 34,9 млн жұмыртқа өндіріледі.

Кешеннің құрылысы 2026–2028 жылдары кезең-кезеңімен жүргізіледі. Жоба іске қосылғаннан кейін өңірдің агроөнеркәсіптік әлеуетін арттырып, ішкі нарықты сапалы құс еті мен жұмыртқамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

25 қараша, 15:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.