
Қазақстан Президентінің елді негізгі көлік-логистикалық торапқа айналдыру тапсырмаларын орындау аясында елімізде бес ірі трансшекаралық хаб құрылуда. Бұл туралы Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев хабарлады.
Министрдің айтуынша, барлық бағыт бойынша басқарушы компаниялар анықталып, инфрақұрылым құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Мысалы, Өзбекстанмен шекарада «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы салынуда, бұл тауар айналымын 10 миллиард долларға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Елдің шығысында Қорғас торабы дамып, Қытаймен өткізгіштікті арттыру үшін SkyHansa халықаралық әуежайы мен жаңа логистикалық кешендер салынады.
Сонымен қатар, Каспий торабында Ақтау және Құрық порттарында контейнерлік хаб пен «Саржа» көпфункционалды терминалының құрылысы жүргізілуде. Батыста БҚО-да Ресейге экспортқа бағытталған «Еуразия» трансшекаралық сауда орталығы жұмыс істеп тұр, ал Жамбыл облысында Қырғызстанмен шекарада «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» индустриялық сауда-логистикалық кешені салынып жатыр.
Арман Шаққалиевтің сөзінше, бұл хабтар шекара маңындағы сауданы едәуір жеделдетіп, шикізаттық емес тауарлар экспортының көлемін 30%-ға арттыруға, сондай-ақ қазақстандық компаниялар үшін тиімді логистикалық жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.
В Атырау +4