Атырау, 5 желтоқсан 07:52
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Елімізде 50-ден астам жол учаскесі қауіпті деп танылды

265 рет қаралды
Сурет “АЖ” мұрағатынан алынған
“АЖ” мұрағатынан алынған сурет

Қазақстандағы жолдардың апатқа бейім, қауіпті учаскелерін анықтау бойынша Ішкі істер министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі бірлесіп жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл туралы көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Үкіметтегі брифингіде хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.

Вице-министрдің айтуынша, ел бойынша қауіпті деп танылған жол учаскелерінің саны 50-ден астам. Барлық өңірде арнайы жұмыс жүргізіліп, тиісті белгілер орнатылып, ІІМ мен ТЖМ қызметтері ерекше бақылау қамтамасыз етуде.

Жылдамдық режимі де реттеліп жатыр. Сонымен қатар, жолдарды жаңғырту жұмыстары жыл сайын жоспарлы түрде жүргізіледі. Биыл 13 мың шақырым жол жөнделмек.

Мысал ретінде Ақтөбе облысындағы учаске келтірілді: жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін бұрын қауіпті саналатын бөлікте жол апаты тіркелмеген.

Сонымен қатар, Көлік министрлігі Қарағанды – Алматы, Талдықорған – Өскемен және Ақтөбе – Атырау – Астрахань бағыттарын қоса алғанда, бірқатар жолға ақылы жүйе енгізуді жоспарлап отыр.

25 қараша, 12:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.