
Электронды коммерциямен айналысатын америкалық Amazon компаниясы АҚШ-тың мемлекеттік мекемелері үшін жасанды интеллект және суперкомпьютерлер инфрақұрылымын кеңейтуге 50 миллиард доллар инвестиция салу жоспарын жариялады, деп хабарлайды АА.
Компания мәлімдемесінде Amazon Web Services (AWS) бұл жолы алғаш рет АҚШ үкіметіне арналған жасанды интеллект пен жоғары өнімді есептеу жүйелерінің инфрақұрылымын құратыны атап өтілген.
Компания мемлекеттік мекемелер үшін жасанды интеллект инфрақұрылымын және суперкомпьютерлік қуаттарды дамытуға 50 млрд долларға дейін қаражат бөледі.
Келесі жылы басталуы жоспарланған жаңа инвестициялар озық өңдеу және желілік технологиялары бар деректер өңдеу орталықтарын салу арқылы шамамен 1,3 гигаватт қосымша есептеу қуатын қамтамасыз етеді. Федералдық мекемелер AWS ұсынатын жасанды интеллект саласындағы кешенді қызметтерге қол жеткізіп, ЖИ-ға арналған арнайы шешімдер әзірлей алады, үлкен деректерді тиімді өңдеп, еңбек өнімділігін арттыра алады.
Бұл инвестиция мемлекеттік құрылымдардағы зерттеу жүргізу және шешім қабылдау процестерін айтарлықтай жеделдетуге мүмкіндік береді.
В Атырау -1