Атырау, 19 желтоқсан 22:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Үкімет басшысы экологиялық төлемдер есебінен қалдықтарды қайта өңдеуді тапсырды

234 рет қаралды
Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі
Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

Премьер-министр Олжас Бектенов Экология министрлігіне облыс әкімдіктерімен бірлесіп, экологиялық төлемдер есебінен қалдықтарды жинау, қайта өңдеу және кәдеге жарату инфрақұрылымын құру мен қаржыландыру шараларын қабылдауды тапсырды.

Үкімет басшысының айтуы бойынша, қолданыстағы бюджет заңнамасына сәйкес қоршаған ортаға эмиссиялар және басқа да экологиялық төлемдер жергілікті бюджетке бағытталып жатыр. Алайда, өңірлер осы қаражат есебінен экологиялық мәселелерді шешу үшін тиісті жұмыс жүргізбей отыр. 

«Қоршаған ортаға эмиссиялар және басқа да экологиялық төлемдер жергілікті бюджетке бағытталып жатыр. Алайда, тиісті жұмыс жүргізілмей отыр. Осыған байланысты Экология министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, экологиялық төлемдер есебінен қалдықтарды жинау, қайта өңдеу және кәдеге жарату инфрақұрылымын құру мен қаржыландыру шараларын қабылдауды тапсырамын», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Тапсырма қалдықтарды қабылдау пункттерін жаңғыртуды және қайта өңдеу қуаттарын құруды қоса алғанда, экологиялық инфрақұрылымды дамытуға қаражатты қайта бөлуді көздейді.

25 қараша, 11:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.