
18-23 қараша аралығында Атырау облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.
Рейд барысында Атырау мөлтек ауданында Chevrolet Niva автокөлігінің жүргізушісі тоқтатылып, оның жеңіл дәрежеде алкогольдік масаң күйде екені анықталды. Құқық бұзушыға көлікті масаң күйде басқарғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады. «Ережені сақтау — қауіпсіздіктің кепілі», — дейді тәртіп сақшылары.
В Атырау -1